kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

На тему "Санды өрнектерді салыстыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды санды өрнектерді салыстыру туралы ұғымын қалыптастыру. Өз бетінше білімдерін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«На тему "Санды өрнектерді салыстыру"»


Сабақ тақырыбы:

Теңдеу

Мектеп: А.С.Макаренко

Күні :


Мұғалімнің есімі: Мушекенова Самал

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;


қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;


есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

торкөзді дәптер;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркер; Әр топқа арналған:

“теңдеу” сөзі жазылған парақшалар;

табақты таразы;

1 кг және 3 кг-дық кіртастары;

2 кг-дық зат;

екі ойын текшесі.

Тірек сөздер

теңдеу.


Сабақтың мақсаты:

Теңдеу ұғымымен таныстыру және бөліктер мен бүтін арасындағы өзара байланыс негізінде х-тің мә­ нін табуды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бүгінгі сабақта оқушылар бүтін мен оның бөлік­ тері арасындағы заңдылыққа сүйене отырып, белгісіз­ қосылғышы, азайғыш пен азайтқышы бар теңдеу­лерді­ шешуге арналған алғашқы сабақпен танысады­. Осы сабақта оқушылар белгісіз компоненті бар тепетеңдікті теңдеу деп атайтынын және қосуға берілген теңдеуді шешуді түбірді таңдау әдісімен орындауға болатынын біледі.Кіріспе тапсырма. Сабақты көрсетіліммен бас­ таңыз. Табақты таразының бір жағына 1 кг-дық кір­ тасын және екінші жағына массасы 2 кг затты қоясыз. Мысалы: қорап, ойыншықтар салынған дорба, оқу­ шының жолдорбасы және т.б. Екінші жағына 3 кг-дық кіртасын қоясыз. Таразының теңескеніне баланың назарын баса аударасыз. Нені құра алатынымызды сұраңыз: теңдікті ме, әлде теңсіздікті ме? (Теңдік.)

1 + х = 3 теңдігін құруды сұраңыз. Белгісіз компо­ненті бар теңдікті теңдеу деп атайтынымызды айтыңыз. Осы теңдікте бөліктің белгісіз, ал бүтіннің­ белгілі

екеніне назар аудартыңыз. Белгісіз компоненттің мәнін табу — теңдеуді шешу деген сөз. Теңдеу

түрлері және оларды шешу тәсілдері болатынын айтыңыз.

Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап.

Жұмысты жалпы сыныппен ұйымдастырыңыз.

3 + х = 9 түріндегі теңдеу жазбасына көңіл бөлу­ді­ ескертіңіз. Теңдеуді оқытыңыз. Оның белгілі және белгісіз компонентін атаңыз. Белгісіз шама теңдеу­дің­ бүтіні ме, әлде бөлігі ме? Теңдіктен дұрыс теңдік алу

үшін теңдеудегі х-тің орнына мүмкін­ болатын қандай­ санды таңдау керектігін тапқызыңыз. Түсініктеме беруді өтініңіз. Мысалы, екінші­ бөлігі — белгісіз. Бірінші бөлігі — 3, бүтіні — 9. Бізге қоршаудағы тақтайлар саны 9 болатын­дай­ тақтайдың суретін салуымыз керек. Бар­лығы 6 тақтайдың суретін салдық. Ендеше х = 6. Осылайша, ондықтармен берілген 10 + у = 50 түріндегі екінші теңдеумен жұмыс жаса­ тыңыз. Ол суретте ондықтармен буылған санақ таяқ­ шалары түрінде берілген.

Жауабы:

а) х = 6; ә) у = 40.

Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш. Оқушыларға берілген тапсырманы өз еркімен­ шешкізіңіз. Оларда бөлікті бүтінге дейін толықтыру тәсілімен қосуға берілген теңдеуді қалай шешуді ойластыру және теңдеу түсінігін бекіту мүмкіндігі­ болады­. Тапсырманы орындау кезінде қиындық­ кез­ дессе, мына сұрақтарды қойыңыз:

— Таразының сол жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?

— Оң жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?

— Массалары тең бе? Оны қалай білдің?

— Қандай теңдік құрастыруға болады?

— Белгісіз бөлігі бар теңдікті қалай атайды?

— Алынған теңдеуді оқы.

— Сен қалай ойлайсың, ананастың массасы қан­ дай? Теңдіктің белгісіз бөлігі неге тең?

Жауабы:х = 1 кг.

Шығарып көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры­ ңыз. Оқулықтағы иллюстрацияны мұқият қарастыру­ды­ өтініңіз және мына сұрақтарды қойыңыз:


— Қалай ойлайсыңдар, не істеу қажет? (Дұрыс теңдік шығатындай қосылғыштарды таңдап алу ке­ рек.)


— Мұндай теңдік қалай аталады? (Теңдеу.)


Теңдеу шешуді сұраңыз. Шешкеннен кейін жалпы сыныппен­ бірге тексеріңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

— Не белгілі? (Екінші қосылғыш.)

— Ол бөлік пе немесе бүтін бе? (Бөлік.)

— Екінші бөлік неге тең? (Қызыл шаршы, жасыл үшбұрыш, сары жұлдыз және көк жұлдыз.)

— Бүтін неге тең? (Үш қызыл шаршыға, жасыл үшбұрышқа, сары жұлдыз бен көк жұлдызға.)

— Белгісіз неге тең? (Екі қызыл шаршы.)

— Неге?


Жауабы:


х = екі қызыл шаршы.


Орындап көр. Оқушыларға жұмысты жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылар кезекпен текшені­

лақтырады және түскен санды + х = 10 теңдігіндегі

бос орынға қояды. Осылайша, 6 теңдеу алуға болады:

1 + х = 10;

2 + х = 10;

3 + х = 10;

4 + х = 10;

5 + х = 10;

6 + х = 10.


Теңдеуді шешу таңдау тәсілі бойынша орында­­ лады.


Жауабы:

9, 8, 7, 6, 5, 4.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың сөйлеу тәжірибесіне арифме­­­ тикалық­ амал компоненттерінің атауы, “бөлік”­ пен “бүтін” сөздері бұрыннан кірген болатын. Ал “теңдеу” сөзі бірінші рет кіріп­ отыр, бірақ оны жаттап алудың қажетілігі жоқ, сол сөздің мағынасын түсініп алу жеткілікті. Тірек сөзді есте сақтау үшін “Сөз жина” ойынын өткізіңіз. Әріптер мен парақшалардың көмегімен “теңдеу” сөзін құрастыртыңыз және оны хормен айтып үйретіңіз­. Осы тірек сөзді “Сөздер тақтасына” іліңіз.

х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оның санын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің гра­ фика­лық­ моделі ұсынылады. Оқушылар белгісіз х-тің мәнін таңдау жолымен табуы тиіс. Бүтін мен бөліктің арасындағы өзара байланысты негізге ала отырып,­ белгісіздің мәнін анықтайды және қажетті суреттер салады.


Жауабы:

1 түймедақ және 1 қызғалдақ;

1 көңілді бейне, 1 көңілсіз бейне;

2 жұлдыз;

2 шаршы және 1 дөңгелек;

2 үшбұрыш.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

теңдеудің мағынасын түсінеді;

қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгереді.

Оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы­ бағалау түрінде мына сұрақ­ тарды қойып, тексеріңіз:

— Бір-бір теңдеу құрыңдар.

— Теңдеуді берілген мәтінге сәйкес құрыңдар: “Мен бір сан ойладым, оған 2-ні қосқанда 12 саны шығады” (х + 2 = 12.)

— Теңдеуді шешу дегеніміз не?

— х + 2 = 12 теңдеуін шеш.

— Қандай тәсілмен шештің? (Таңдау тәсілімен.)

— Неге теңдеу деп атайды? Сен қалай ойлайсың?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
На тему "Санды өрнектерді салыстыру"

Автор: Мушекенова Самал Орынбасаровна

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392958

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Санды ?рнектерді салыстыру"
    ["seo_title"] => string(28) "sandy-orniektierdi-salystyru"
    ["file_id"] => string(6) "288319"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454605952"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Планирование на тему "?ріпті ?рнектер""
    ["seo_title"] => string(35) "planirovaniienatiemuriptiorniektier"
    ["file_id"] => string(6) "311222"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459172717"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(14) "дарынды"
    ["seo_title"] => string(7) "daryndy"
    ["file_id"] => string(6) "299153"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456477403"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(10) "дарын"
    ["seo_title"] => string(5) "daryn"
    ["file_id"] => string(6) "299741"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456583155"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?РІПТІ Ж?НЕ САНДЫ ?РНЕКТЕР (АШЫ? САБА?) "
    ["seo_title"] => string(41) "ripti-zh-nie-sandy-orniektier-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "204161"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429614635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства