Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Қызықты суреттер» деп аталады. (экранға тақырыпты шығару) Ғажайып сәт/музыка Осы кезде есік қағылды. Қорапша. Бізге Айгүл қуыршақтан мынандай тосынсый келіпті. Қане, ішінде не бар екенін көрейік?! Балалар, Айгүл қуыршақ бізге хат жазыпты, ашып оқиық. Хат: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарын қалай? Алдымызда үлкен мерекелер келе жатыр, ал мен қандай шаш үлгісін жасайтынымды білмей отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? -Балалар, Айгүл қуыршаққа көмектесеміз бе? Балалар, олай болса жұмыс орнымызға қарай жайғасайық?! (Әдемі отырамыз). Қауіпсіздік ережесімен таныстыру: қылқаламды ауызға салмау, бір-бірімізге бөгет жасамауға, гуашь бояуды дұрыс пайдалана білуіміз керек. Балалар, біз жай ғана суретті салмаймыз, кляксография дәстүрлі емес әдісін қолдана отырып суретті бояймыз. Кляксография бейнелеу техникасы туралы ұғым беру (видео көрсету) Сурет салу тәсілі: Құрғақ немесе түстелген қағаздың төменгі жағына күрең түсті(қара, қоңыр, жасыл) бояуды тамызу . Түтікшеден тамшыға алдына қарай итергендей үрлеу.Ұсақ тармақшалар пайда болу үшін, үрлеген кезде түтікшені жан-жаққа шайқауға болады. Кей жетіспейтін элементтерін бейнелеп немесе табиғи заттарды жапсырып безендіруге болады. Оқытушы суретті салу жолдарын балаларға көрсетеді. Берілген суретті аламыз. Берілген суретке гуашь бояуын жағамыз. Түтікшені үрлей отырып, сурет салу. Суретті салу барысында әуен қосып қою. Сұрақтар қою: -Балалар қандай түстерді қолданып жатырсыңдар? -Суретті не арқылы салып жатырсыңдар? Д/ойын: «Түстерді ата. Фребель сыйы» (3 тілде қандай түс екенін атайды) Көк – синий - blue ,қара – черный - black, жасыл – зеленый -green , қызыл – красный - red, ақ – белый - white, тоқсары – оранжевый -orange , сары – желтый - yellow, күлгін – фиолетовый – violet Балаларды ортаға жинап сергіту жасау. Сергіту сәті: «Gummy Bear» |