Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, алма, су, стакан
Пәнаралық байланыс: сызу, дүниетану, математика, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Өткенді қайталау.
Жаңа сабақты түсіндіру
Үй тапсырмасын тексеру:
Бейнелеу өнерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Жанрларын атап беріңдер?
Кітап графикасы дегеніміз не?
Кітап құрылымын атап беріңдер
Балалар кітабын безендіретін суретші-графиктерді атаңдар(А.Дүзелханов. А.Ысқақов,Қ.Төрекулов, Б.Машрапов)
Қызығушылық ояту.
Тақтаға «Перспектива» деген сөзді орнатып, бейнелеу өнерінің негізгі тірегі осы сөздің оқушыларға қандай ой тастайтынын сұраймын.Бұл сөзді өмірде күнделікті кездеседі, қолданамыз, Оның Б.Ө. –де қатысы бар екен.( Болашақ, келешек,болжау, жоба, алдағыны көру ) «Перспектива» сөзі латынның «тасадан көру» деген сөзінен шыққан. Қазаша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. Перспектива –қағаз бетінде кеңістікті дұрыс бейнелеу туралы ілім.
Тақырыбын интерактивті тақтадан көрсетемін.
Балалар, сурет салу оңай емес, ол көп сатылы баспалдақ сияқты, күрделі кезеңдерден тұрады. Сондықтан әрбір суретшіден аса табандылықты, еңбекқорлықты,ынтаны, сабырлылықты талап етеді. Біздер алуан түрлі құбылысқа толы ортада өмір сүреміз. Ол яғни,тамылжыған табиғат пен аңызақ желді, сахара шөлдері,немесе қыс мезгіліндегі өзіндік сұлу табиғат, жаңбырлы күн т.б. Осы әсемдікті, сұлулықтың бояуын суретші көзімен көріп, саралай біледі. Бұл суретшінің жай адамнан айырмашылығы, ол суретшінің дара қасиеті, ерекшелігі. Яғни, сауаттты сурет салу үшін бейнелеу заңдылықтарын білуіміз керек.
Тақтада сабақтың тақырыбы
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты б.ө. негізгі тірегі перспектива заңдылығының ережесінен жалпы түсінік алу және суретші шығармаларында осы заңдылықтарды көре білу, талдай білу. Әр нәрсенің пішінін осы заңдылық бойынша қалай өзгереді, соны көріп, үйреніп, қағаз бетіне сала білу.
Осыған байланысты Н.Н. Ге мынадай дана сөз айтқан (Интер тақтада )«Сурет салуды үйрену дегеніміз- көре білуге үйрену, ал көре білу – түсіне білу» Яғни, суретші байқампаз, өткір көзді болуы тиіс. Осындай суретші, ғалым, теоретик, перспектива заңын алғаш ашқан қайта өрлеу дәуірінің атақты италия суретшісі Брунелески және де оны зерттеумен айналысқан Пьеро Делла Франческо мен Леонардо да Винчи, ал жете зерттеген немістің ұлы суретшісі Альбрехт Дюрер. Фотолар тақтада Бұл заңдылықты ертедегі адамдар білген жоқ
Слайдтан көрсетілген суреттерді талдау.( жартастағы суреттер, кубтың суреті), (табиғаттың, темір жолдың, ағаштың, интерьер, экстерьер суреті
Практикалық мысалдар келтіру.(стакан, су алма)
Перспектива сызықтық және ауалықжәне жарық перспективасы деп бірнеше түрге бөлінеді.( Интер тақтада көрсету)
Осының бәрін талдай келе біз сызықтық перспективаның бірінші ережесін білдік, демек,жақындағы затты алыстағы заттан үлкендеу етіп бейнелеу керек. Екінші ережесі- ені қандай болсын параллель сызықтар бізден алыстаған сайын тарылып,көкжиекке бір нүктеде түйіседі.
Көрініс пайдаланғанда көкжиек сызығын естен шығаруға болмайды. Осы сызықтың көмегі арқылы заттың немесе кескіндейтін суретіміздің перспективалық кескінін дұрыс сыза аламыз. Ауаперспективасы – кеңістіктегі заттар түстерінің көрушіден алыстаған сайын бұлыңғыр немесе солғын болып өзгеру құбылысы. Жақын орналасқан заттар түсі айқын, алыстағылар бұлыңғыр, яғни көмескі болып көрінеді.Қашықтағы жарық заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғы түстер жарықтау болып көрінеді.
Машықтық жұмыс
Перспектива заңдылығын сақтай отырып, бөлме ішін бейнелеу.