Просмотр содержимого документа
«"Біз тұратын ауылда"»
« Бекітемін»
«№8 «Алтын сақа» балабақша – мектепке дейінгі гимназия» МКҚК
_____________директоры А. Қ. Абилова
Тақырыбы: «Біз тұратын ауыл».
Дайындаған:
Сурет салу маманы: Ахметова У.А.
Әдіскер: Ыбрай Н.К.
Қатысқан топ: «Жұлдыз» тобы.
Күні: 19.10.2015 ж.
2015 – 2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Біз тұратын ауыл».
Мақсаты: Балаларды сурет салғанда ауылдың көрінісі және тұрмыс тіршілігімен таныстыру, түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту, бауырмалдыққа, достыққа, бір – біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданатын құралдар: біздің ауыл көрінісі. Бейнеленген суретті қылқалам6 акварель бояуы, су қуятын ыдыс.
Сөздік жұмыс: әр бала ауыл жайлы баяндап беру.
Сабақтың барысы:
Балалар жай әуеннің дауысы мен кабинетке кіреді. Шаттық шеңберіне тұрып бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Армысың асыл күн
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан
Армысың жан досың
Жылуыма жылу қос.
Балалар өз орындарына жайғасып отырады.
Педагог: Балалар бүгінгі сабағымыз ауыл жайлы болады. Балалар сендер ауылыңызды жақсы көресіңдерме? Қай мезгілі жақсы көресіңдер?
Балалар: Өз ойларын ашып айтады. Мен аулда әжеме барнғанды жақсы көремін, әжемнін тәтті бәліштерін өте сағынамын, атамның қызықты әңгімелерін ұзақ тыңдап отырамын....
Педагог: Балалар жарайсыңдар сендер ауылды жақсы көред екенсіңдер. Ал сендер ауыл жайлы тақпақтар білесіңдерме?
Балалар тақпақтарын айтады:
Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап,
Қой қаптады, қойнауда
Қозы, лақтар жамырап.
Педагог: Жарайсыңдар балалар.
Балалар суретке қараңыз бұл ненің суреті;
Балалар: Ауылдың суреті
Педагог: Дұрыс айтасыңдар. Ал дала қандай болып тұр, қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
Балалар: Күз айы, жапырақтар сарғайып ауа бұлыттанып тұр.
Педагог: Жарайысыңдар балалар ал енді балалар ойын ойнайық.Ойынның шарты: үйдің суретін құрастыру. Балалар екі топқа бөлініп суреттің қыйындыларынан үй құрастырады.
Педагог:Балалар жарайсыңдар екі топта ширақ екен, екі топта бір уақытта құрастырды, бұл ойында достық жеңді. Балалар орнына отырып суретті сала бастайды.
Балалар суреттеріңіз өте әдемі салғансыңдар. Енді орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындайық.
Қайталайық тағы да
Қимылыңнан жаңылма
Бүгілмесін қолдарың
Жылдам, жылдам қозғағын.
Қорытынды:
Балалар бүгін біз ненің суретін салдық?
Балалар: Біз тұратын ауылдың суретін салдық.
Педагог: Ал сендерге сурет салған ұнадыма?
Балалар: Ия.
Балалар осымен «Біз тұратын ауыл» атты оқу іс – әрекеті аяқталды сау болыңдар.