Просмотр содержимого документа
«Тармақталу алгоритмдерін программалау»
Шалатаева Дамира Сапарбековна,
Таңбалытас атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің тармақталу операторлары туралы түсінік беру; теорияда алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету. Дамытушылығы: Компьютерлік сауаттылыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тәрбиелігі: Тармақталу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық 9 сынып, интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Білімнің өзектілігі және білімдерін тексеру. «Тест» сұрақтары арқылы еске түсіріп, білімімізді тексеріп өтейік: Паскальда бағдарламаны орындау: а) compile ә) run б) user screen в) file 2. Меншіктеу операторы дұрыс жазылған: а) a:=z+5 ә) a*x3+b:=0 б) z:=z+1, 4 в) a: b - sqr(4) 3. «integer» типінің диапазоны неге тең: а) - 2147483648... +21474833647 ә) - 32768... +32767 б) - 127... + 127 в) - 1. 7*10308... - 1. 7. 10308 4. Қабырғалары a, b, c үш санға тең үшбұрыштың болатындығын тексеретін дұрыс шартты көрсет: а) a b+c) or (b a+c) or (c b+a) б) a b+c в) дұрыс жауабы жоқ 5. Логикалық тип: а) integer ә) string б) boolean в) byte 6. [F9] Borland Pascal - да қандай қызмет атқарады: а) бағдарламаны жабу ә) сақтау б) орындау в) компиляциялау 7. sqr(x) нені есептейді: а) х - тің квадратын ә) х - тің абсолюттік шамасын б) х - ті кубтайды в) х - ке, s - ті көбейтеді 8. Паскаль тілінде Х санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады: а) INT(X) ә) ABS(X) б) ABC(X) в) TRUNC(X) 9. Паскальда нәтиже алу операторын көрсет: а) PRINT ә) WRITE б) OUTPUT в) READ 10. «а» айнымалысын енгізу операторы. а) read(a) ә) write(a) б) input(a) в) print(a) ІІІ. Жаңа сабақ: Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады. Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE. Толық оператордың жазылу түрі: {егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.} IF THEN ELSE ; ІІ топ Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. Қысқа оператордың жазылу түрі: IF THEN ; IF шартты операторы: IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы: IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE ақиқат болса, онда THEN (онда) ELSE (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE(жалған) болса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF операторы бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып та орындала береді. Тармақталу командасы IV. Практикалық жұмыс: = Тең Үлкен = Үлкен немесе тең Тең емес Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды. №1 тапсырма. Берілген сан х нақты саны х0 - ге тең болса, онда х - ті екіге арттыр, әйтпесе х - ті екі еселе. Есептің программасы: Program esep_1; Var x, y: real; Begin Readln(x); If x0 then y:=x+2 else y:=2*x; Writeln(‘y=’, y); End. № 2 тапсырма. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір екенін анықтайтын программа құру керек. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең. Program esep_2; Uses crt; Var x, y, z, a, b, c, S, S1: real; Begin Clrscr; Writeln(‘bilet nomerin engiz…’); Readln(x, y, z, a, b, c); S:=x+y+z; S1:=a+b+c; If S=S1 then writeln(‘bakitty nomer’) else writeln(‘bakitty nomer emes’); End. № 3 тапсырма. Екі санның үлкенін табатын бағдарлама құру Program esep_3; Uses crt; Var x, y, max: integer; Begin Clrscr; Writeln(‘Eki sandy engiz…’); Readln(x,y); If xy then max:=x else max:=y; Writeln(‘Eki sannyn ulkeni = ’, max); End. № 4 тапсырма. N натурал саны берілген. Егер n саны тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767 - ден кем болса, онда ол санды 2 - ге көбейтіңдер. Басқа жағдайда санды өзгеріссіз қалдырыңдар. Program esep_4; Uses crt; Var n: integer; Begin Clrscr; Write(‘n - ді енгізіңдер: ’); Readln(n); If (n mod 2=1) and (n