Топтық жұмыс. «Кластер әдісі» Оқушыларға жаңа тақырып бойынша қосымша ақпарат таратамын. Адам ағзасына қоршаған ортадан және тұрмыста жағымсыз әсер етуші қандай факторларды білесіздер? I топ – Компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсерлері қандай? ІІ топ – Компьютердің адам өмірін жеңілдетудегі орны қандай? Берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты талдап, постер қорғау. Бағалау. Топтар бір-бірін «теңге беру» әдісі арқылы бағалайды Жұптық жұмыс. «Бірге ойлаймыз» әдісі Әр жұп бір-бірімен ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. Берілген қазіргі заманауи құрылғылардың адам ағзасына тигізетін әсерінен тиімді қорғану тәсілдерін жазыңыз. Заманауи құрылғылар | Қорғану тәсілдері | | | | | | | Бағалау «Тенге беру» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жеке жұмыс. «Біліміңді жинақта»әдісі. Адам ағзасына компьютер пайдаланудың кері әсерін болдырмаудың 5 жолын көрсетіп,мысал келтіру.Себебін түсіндіру. Бағалау «Теңге беру» әдісі арқылы бағалаймын. Қарқыны жоғары оқушыларға тапсырма : 1.Компьютер экранынан тарайтын электромагнитті сәулелер әсері қандай? 2.Электромагнитті сәулелену болмау үшін қандай қорғану тәсілдерін білесің? Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Бағалау критерийі Электронды құрылғылардың адам ағзасына тигізетін әсеріне мысал келтіреді және қорғану тәсілдерін қолдана алады. Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма 1.Төмендегі сурет бойынша адам ағзасына зиян келтіретін электронды құрылғының әсерін және одан қорғану жолын көрсетіңіз. 2. Адам ағзасына зиян келтіретін құрылғыларын атап, мысал келтіріңіз. Дескриптор -- Адам ағзасына зиян келтіретін электронды құрылғылардың әсерін көрсетеді. --Электронды құрылғылардың адам ағзасына зиянды сәулеленуінен қорғану жолын көрсетеді. -- Адам ағзасына зиян келтіретін құрылғыларды атап, мысал келтіреді. Дескриптор арқылы оқушыларды тексере отырып тиімді ауызша кері байланыс беремін. |