Данную разработку можно использовать для дополнительных курсов по информатике "Робототехника"
Просмотр содержимого документа
«Роботтехникасы пәні бойынша сабақ:. «Роботтың қолының қозғалысы. Ортаңғы мотор блогы»»
11-сабақ
Пән: Роботтехникасы
Өтетін күні:
Сынып: 7 А, 7Б
Тақырыбы. «Роботтың қолының қозғалысы. Ортаңғы мотор блогы»
Қозғалыс: Роботтың қолы
Алдыңғы жобаңызды ашыңыз. «Srednii_Motor» атты бағдарламаны құрыңыз.
Жаңа бағдарламаны құру үшін төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
1. «+» батырмасын басыңыз. Ол проектке Бағдарламаны қосу (Add Program/Experiment) дегенді білдіреді.
Жаңа бағдарламада СТАРТ блогы бар.
2. «Program» сөзіне екі рет басыңыз.
3. «Srednii_Motor» деген жаңа атау жазып, Enter пернесін басыңыз.
Қолды түсіру үшін бізге Орталша мотор блогы керек.»
Бағдарламалау палитрасынан Орташа моторды таңдаңыз.
Оны СТАРТ блогына қосыңыз.
Орташа мотор A портына жалғанған.
«Айналым саны» 0.20, ал қуаты 41 деп қойыңыз. Бағдарламаны роботқа жүктеңіз.
Тағы бір орташа блогты бағдарламаға қосыңыз.
Оған «Айналым санын» 0.20, қуатын 20 деп қойыңыз.
Бағдарлама «-» символын және сандарды ғана қабылдайды. Мысалды көрсетілгендей басқа символдарды (%) қабылдамайды, және қате терезесін береді.
Дөңгелектің айналым саны
Айналым саны нешеге тең екенін көрейік:
0.25 дөңгелек айналымы 90 градусқа тең.
0.5 дөңгелек айналымы 180 градусқа тең.
1 дөңгелек айналымы 360 градусқа тең.
1.25 дөңгелек айналымы 450 градусқа тең.
2 дөңгелек айналымы 720 градусқа тең.
4.1 дөңгелек айналымы 1476 градусқа тең.
Дөңгелектің айналым саны
Ақ нұсқар дөңгелектің айналым санын немесе айналым градусын көзбен қарап анықтау үшін қолданады.
Дөңгелектің айналым саны
Дөңгелектің 90 градусқа айналуы.
Дөңгелектің 270 градусқа айналуы.
3.Дөңгелектің 360 градусқа айналуы
Сұрақтар:
Робот дөңгелегі 480 градусқа айналу үшін қанша рет айналым жасау керек?
Робот дөңгелегі 53 градусқа айналу үшін қанша рет айналым жасау керек?
Робот дөңгелегі 8.7 айналым жасау үшін қанша градусқа айналу керек?
Робот дөңгелегі 2.6 айналым жасау үшін қанша градусқа айналу керек?