Күні- 06.03.2017жыл
Сыныбы: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алгоритм туралы түсініктерін қайталай отырып, циклдік
алгоритм туралы түсініктерін қалыптастыру, саналарында жаңғырту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды топпен бірлесе жұмыс жасауға, жұмыс жасау кезінде
техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, тапсырмалар
Пәнаралық байланысы: математика
Күтілетін нәтиже: - Оқушылар алгоритм туралы алған түсініктерін одан әрі кеңейтеді;
- Топпен жұмыс жасауды үйренеді;
- Әрекеттерді тиянақты орындауды үйренеді;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалдарды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу;
- оқушыларды түгендеу;
- тақтаның тазалығын қадағалау;
- оқу құралдарын түгендеу;
- оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу;
- топ басшыларын сайлау;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Өткен тақырыпқа шолу жасау
• Алгоритм ұғымы қайдан шықты?
• Алгоритм дегеніміз не?
Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмалар (оқушыларға (топрарға) карточкалар таратылады).
1. Тiзбектi толтыр:
2 ∙ 2 + 10 ∙ 2 : 4 = 7
3 ∙ 4 : 6 ∙ 9 : 3 = 6
2. Арифметикалық амалдар таңбаларын қой:
4 + 6 + 10 + 26 – 1 = 45
3. Әлiмге “есiктi ашу” алгоритмiн жазуға көмектес.
1. Кiлттi алу.
2. Кiлттi құлыпқа салу.
3. Кiлттi бұрау.
4. Есiктi ашу.
4.Сызықтық алгоритмдi орындап, ҚОЛА сөзiнен ЖҰРТ сөзiн ал.
«Л»ны «Р»-ға ауыстыр
«О»-ны «Ұ»-ға ауыстыр
«А»-ны «Т»-ға ауыстыр
“Қ”-ны “Ж”-ға ауыстыр
Сергіту сәтін өткізу: Компьютер арқылы
5. ҚҰЛАН сөзiн ҚҰРАҚ сөзіне айналдыру алгоритмiн жаз.
ҚҰЛАН/ҚҰЛАҚ/ҚҰРАҚ
6. Арунаға жармадан ботқа пiсiру алгоритмiн жазуға көмектес.
1) Қазанды алу.
2) Сүт құю.
Жауабы:
1. Қазанды алу.
2. Сүт құю.
3. От(газ) жағу.
4. Қазанды отқа қою.
5. Сүт қайнағанда, оған жарма салу.
6. 5 минут араластыра отырып, пiсiру.
7. Газды өшiру.
Алгоритмдi атқарушы – Аруна
Сабақты Бекіту: Слайд арқылы сабақ бекітіледі.