kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика п?нін о?ытуда ойын технологияларын ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика п?нін о?ытуда ойын технологияларын ?олдану


              ?азіргі кезде мемлекетімізді? алдында білімді де іскер, ?ылым?а ?абілетті заман талабына сай ?рпа? т?рбиелеу м?селесі т?р. Елімізді? білім беру ж?йесіні? жа?арып, толы?а т?суі заман талабынан туындап отыр. Жас ?рпа? – елімізді? тірегі, ерте?імізді? кепілі. Сонды?тан олар?а саналы т?рбие мен сапалы білім беру м??алімдерді? басты міндеті. Олар жан – жа?ты жетілген білімді ?рт?рлі ?дістемелерді ме?герген, шы?армашылы?пен ж?мыс жасай алатын шеберлік иесі болу?а тиіс. ?стаз к?сіби білімін ?немі жетілдіріп отыруы керек. ?азіргі та?да еліміз дарынды балалар т?рбиелеуде зор к??іл б?лініп отыр. Сонды?тан о?ыту мен дамытуды? жа?а мазм?нын ??ру?а, оны? ?дістемелік ж?йесін іздестіру м?селелеріне м?н берілуде. Балаларды? интеллектуалды ?абілеттерін аны?тау ж?не дамыту ?рдісі орталы?ты? ??рылымды? б?лімшелерінде ?рбіреуінде бірегей білім беру ортасын ??ру ар?ылы ж?зеге асады. О?ушыларды? интеллектуалды? ?абілеттерін аны?тап, оны одан ?рі дамытуда дамыта отырып о?ыту технологиясыны? ма?ызы зор.  Информатика п?нінде интеллектуалды ойын элементтерін ?олдану барысында ?азіргі ?мір талабына сай компьютерлік сауаттылы?ты жылдам дамыта отырып, педагогикалы? – психологиялы? ?дістемелік бастап?ы дайынды?ты ?алыптастырмайынша балалар ?з білім де?гейін к?тере алмайды. ?о?амды а?параттандыру жа?дайында о?ушыны? жеке т?л?асын ?алыптастырып, а?паратты? ?о?амда ?мір с?руіне, сонымен ?атар оны? а?парат а?ымында д?рыс ба?дар жасап, тиімді шешім ?абылдауына ?ажет жа?а а?паратты? технологияларды та?дап алу ж?не оны ?олдану ?абілетін ?алыптастыруда информатика п?ніні? алатын орыны зор екені белгілі. ?азіргі саба? – б?л ?зіндік к?рсеткіштермен ерекшеленетін м??алім мен о?ушыны? біріккен ?ызметі. Осы?ан с?йене келе информатика п?нінде ?зіндік ерекшелігіне ?арай о?ушыларды? теориялы? білімі ж?не практикалы? ж?мыс істеу да?дыларын б?ліп алу?а болады. Теориялы? білімді тексеру ?шін ауызша с?рау, жазбаша ба?ылау, тестілеу сия?ты д?ст?рлі ба?ылау т?рлерін, ал практикалы? да?дыны ба?алау ?шін практикалы? ж?мысты ?олдану?а болады. Информатиканы о?ыту барысында о?ушыларды? білімін ба?ылау ?шін осы д?ст?рлі ?дістермен ?атар ба?ылауды? д?ст?рден тыс т?рлері, рефераттар, конкурсты? жобалар, ?рт?рлі танымды? ойындар ?олдану?а болады.
Информатика курсы бойынша о?ушыларды? білімін ба?ылау?а, жа?а білім беруге болатын пайдалан?ан ойындардан мысал келтірсем;
1. 7 – 8 сыныптар ?шін; «Не? ?айда? ?ашан?». Ойын ?ш кезе?нен т?рады. 1 – кезе?де ойын?а ?атысатын 6 баланы та?дап алу. М?нда с?ра?тар?а на?ты ?рі тез жауап беретін балаларды та?дау керек. 2 – кезе?де с?ра?тар логикалы? есептер. 3 – кезе? компьютерлік техника информатика?а байланысты с?ра?тар ?ою.
2. «Даналы? а?ашы». О?ушылар м?тінді жылдам ?рі м??ият о?ып шы?уы керек. О?ы?ан м?тінге байланысты о?ушылар с?ра?тар ??растырып м??алім алдында?ы ?орапша?а салуы керек. М?тінді ?айтадан м??ият о?ып шы?ып ?орапшада?ы с?ра?тар?а кезектенсе жауап береді. ?ал?ан о?ушылар ??растырыл?ан с?ра?ты ж?не жауапты ба?алайды. М??алім е? жа?сы жауап пен ?тымды ??растырыл?ан с?ра?ты аны?тайды.
Осындай ойын ар?ылы ?йымдастырыл?ан саба? балалар?а же?іл ?рі тартымды, ?рі т?сінікті болады. Ойын саба?тары о?ушыларды? ?здігінен ж?мыс істеуге, ойлау ?абілетін дамыту?а ?йретеді. Ойын кезінде балаларды? досты? сезімін оятып, бір - біріне ?ам?орлы?ы, ?жымды? бірлігі ны?аяды. Балаларды жа?сылы??а, ?айырымдылы??а, ізгілікке, ?дептілікке т?рбиелеуге болады. Ойын т?рлерін саба?та тиімді пайдалана білу м??алімні? ме?гертіп отыр?ан білімін ы?ыласпен ты?дап, білімді берік ме?геруіне к?мектеседі.
Ойын?а ?ойылатын ?дістемелік талаптар:
- Ойын?а кірісер алдында оны? ж?ргізілу т?ртібін о?ушылар?а ?бден т?сіндіру.
- Ойын?а сыныпта?ы о?ушыларды? т?гел ?атысуын ?амтамасыз ету.
- Ойын ?стінде шешім ?абылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын т?рлерін ба?дарлама?а сай іріктеп алу.
- Ойынды баланы? жас ерекшелігіне ?арай т?рлендіріп пайдалану.
- ?арапайым ойыннан ?иын ойын?а к?шу.
- Міндетті т?рде ойынны? ?орытындысын жариялау ?ажет
Сыныптан тыс шаралар о?ушыларды? ойлау ?абілетін, танымды? ?ызметін ж?не п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, ынталарын арттырады. Сонымен ?оса білім сапасыны? артуына да к?мегін тигізеді.
7 – 8 сыныптар арасында ?ткізілген «А?парат ?лемі» атты сыныптан тыс шарасы осындай шараны? бірі деп есептеймін.
Ж?ру барысы: ?йымдастыру.
О?ушыларды топ?а б?лу. ?ту барысы т?сіндіріледі.
Сайыс т?рінде ?теді
?анатты с?з: «Кімде – кім к?п а?парат?а ие болса, сол ?лемді билейді».
1 – тур. Шапша?, д?рыс жауап беру керек. ?р с?ра? 3 ?пай.
С?ра?тары: 1. Дыбыс тол?ындарын ?абылда?ыш ?алай аталады? (микрофон)
2. Телефон желісі ар?ылы бас?а компьютерлерге м?лімет алмасу?а ?ажетті ??рыл?ы? (модем)
3. М?тіндік ж?не графикалы? а?паратты компьютерге енгізу ??рыл?ысы.(сканер)
4. Курсорды? о? жа?ында?ы символдарды ?шіру пернесі (DELETTE)
5. Е? бірінші ЭВМ ?ай жылы, кімні? басшылы?ымен жасалды? (1947 - 48 ж. ж. С: А: Лебедов)
6. Бэббидж мамшинасына ал?аш?ы программа жаз?ан кім?(Ада Лавлейс)
7. Жолдар мен ба?андарды? ?иылысуы. (кесте)
8. Microsoft фирмасыны? авторы (Билл Гейтс)
9. « Компьютерді? атасы» деп кімді ата?ан? (Ч. Бэббидж)
10. Сырт?ы жады (винчестер, дискет, компакт диск)
11. Монитор, ж?йелік блок, перне та?та компьютерді?. ??рыл?ысы? (негізгі)
12. Пернета?тада неше перне болады? (102 - 104 перне)
2 – тур. «А?паратты табу».
Ж?мба?тарды? шешуін табу. 1?пай.
?детте ?нсіз т?рамын Бір н?рсеге жетік
Белгі берсе? ??амын. Миы к?шті тетік
Жазуы бар ?а?азды? Ол ар?ылы с?йлесіп
??ралы болып шы?амын.( принтер) Кетесі? шетелге де ?тіп (интернет)
Компьютерді? айнасы
Ба?дары?ды та?дашы
Сурет с?зін к?рсетіп
Тиер са?ан пайдасы (монитор)
Барлы? сурет, м?тінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерінде
Компьютерде ?шірген (сканер)
?анша тетік тізілген
Сауса?ы?ды сезінген
Барлы? сені? ойы?ды
Компьютерге енгізген. (пернета?та)
3 – тур. « А?парат ?зілдері».
Келді кезе? интернетпен ж?мыс?а
?лемдегі жа?алы?тар, табыста.
Интернетті? тілін егер білсе?із
?иын болмас озуы?ыз жарыста – деп информатика туралы ?р топ ?здеріні? ?й тапсырмаларын, я?ни ?зілдерін ?сынады. 5 ?пай.
4 – тур. «А?паратты с?йкестендіру».
Информатика п?нінен с?ра?тар беріліп со?ан с?йкестіктерін табу керек. 1?пай.
1. Адамдарды ?зіне ба?ындыр?ан ?лжуаз (Информатика кабинеті).
2. Бар ??рыл?ыны бас?аратын, кеудесін к?теріп ?ас?аятын ми. (Ж?йелік блок)
3. ?зінен зиянды с?уле шашатын, адам к?зін ??ртатын жалмауыз. (Монитор)
4. Сауса?тарды билететін, экран?а м?тінді сый ететін, жо? деп м?дде айта алмайтын, и? - ні ?олдап ?айталайтын (Пернета?та).
5. Пернеден жас?анатын, адам к?мегімен бас?арылатын, ?ор?а? компьютерді? кенже баласы. (Тыш?ан)
6. Тыш?анны? е? жа?ынтуысы. (Джостик)
7. Принтерден асып т?сетін мешей. (Сканер)
8. Пернета?таны? балалары. (Пенелер)
5 - тур. «А?паратты ??деу». А?паратты ма?ал – м?телдермен с?йкестендіріп ??дейді. Толы? жауап?а
2 ?пай, к?мек с?ра?ан?а 1 ?пай.
1. Жігітті компьютерге ?арап, ба?ала. (Жігітті досына ?арап, ба?ала).
2. Байт биттен ??ралады. (Те?ге тиыннан ??ралады).
3. Вирустан ?оры??ан, интернетке шы?пас. (Шегірткеден ?оры??ан, егі? екпес).
4. Компьютерді? ж?мысы иесіне м?лім. (Атты? сыры иесіне м?л?м).
5. Веб – дезайншыны? ?з еркі, сайтты ?алай жасасада. (?азаншыны? ?з еркі, ??ла?ын ?айдан шы?арса да).
6. Білмесе? «аны?тамадан» с?ра. (Білмесе? білгеннен с?ра).
7. Бір ядро процессор жа?сы, екі ядролы одан да жа?сы. (?зі?мен ?зі? бол?ан жа?сы, досы?мен бол?ан одан да жа?сы).
8. Антивирусы к?штіні – Вирус ала алмайды. (Досы жа?сыны – жау алмайды).
9. К?лсе? ескі компьютерге к?л. (К?лсе? к?ріге к?л).
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айда?аны бес ешкі, ыс?ыры?ы жер жарады).
6 – тур. «А?паратты жеткізу»
О, махаббат сегіз ?ріп, бір арман
Барлы? адам сол арманнан жарал?ан – деп а?ын а?амыз М. Ма?атаевты? «Поэзиясы» - нан, компьютерге деген ?з сезімімізді білдіреміз.
1 – топ.
Компьютер
Менімен егіз бе еді?
Сен мені сезесі? бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім.
Мультимедиядан, физикадан сені іздедім.
Сені іздедім ?стаздардан,
Мектептегі кабинеттен, парталардан,
Д?кендерден, фабрикадан, зауыттардан
Сені іздедім жо?ал?ан замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
Е - mаіl - дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені ма?ан егіз ?ып жарат?ан ба.
2 - топ
« Компьютерге ?ашы?пын»
Мен а?ыма? компьютерге ?ашы?пын,
?йден шы?сам мектептегі компьютерге асы?тым
К?ні – т?ні к?з алдымнан кетпес бейне,
Сезімімні? тол?ындарын тасыттым.
Мен ?ашы?пын, компьютерге ?ашы?пын,
Сезімімді білдіре алмай діріл ?а?ып,
Махаббатты? шы?дарынан асыппын.
?орытынды. «Білім марапат?а жету ?шін емес, парасат?а жету ?шін керек» деген керемет с?зді есімізге берік ?стап, сайысымызды ая?таймыз.
Же?імпаз топ?а, белсен ?атыс?ан о?ушылар?а «сертификаттар» беріліп, диплом табысталды.
Жо?арыда баяндал?ан жа?дайлардан т?йіндегенім:
1. Ойын барысында о?ушылар ?зара пікір алмасады, о?у материалдарын жылдам ж?не жа?сыра? игереді, ?иынды?тарды бірге шешеді. М?ндай жа?дайда, барлы? балалар ал?а жылжиды, білімдері тере? балаларды? тежелмеуін, білімі т?мен балаларды? ал?а ?мтылуына м?мкіндік береді. ?сіресе о?ушылар ?рбір жа?а та?ырыптан кейін «Сен – ма?ан, мен – са?ан» ойынын ойна?анды ?натады. Б?л ойында о?ушы ?зі дайындап келген с?ра?ын жолдасына ?ояды, егер жолдасы д?рыс жауап бере алмаса жауабын ?зі айтып, ?осымша ?пай алады.
2. ?зара ?атынасу, с?йлесу адам т?л?асын, а?ыл - ойын дамытуды? ма?ызды факторы екенін ?з т?жірибемнен к?ріп отырмын. Ал?аш?ы кезде нем??райлы, та?тадан к?шіріп ?ана отыр?ан кейбір о?ушылар ?азіргі жа?дайда саба??а ынталы ?атысатын болды. Д?ст?рлі ?йымдастырыл?ан о?у процесіне ?ара?анда ойын?а ?атыса отырып не??рлым аз шаршайды, ?з ?ызметінен жа?ымды эмоциялар алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика п?нін о?ытуда ойын технологияларын ?олдану »

Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану


Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор. Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық ойындар қолдануға болады.
Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;
1. 7 – 8 сыныптар үшін; «Не? Қайда? Қашан?». Ойын үш кезеңнен тұрады. 1 – кезеңде ойынға қатысатын 6 баланы таңдап алу. Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.
2. «Даналық ағашы». Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы керек. Оқыған мәтінге байланысты оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған сұрақты анықтайды.
Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.
7 – 8 сыныптар арасында өткізілген «Ақпарат әлемі» атты сыныптан тыс шарасы осындай шараның бірі деп есептеймін.
Жүру барысы: Ұйымдастыру.
Оқушыларды топқа бөлу. Өту барысы түсіндіріледі.
Сайыс түрінде өтеді
Қанатты сөз: «Кімде – кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді».
1 – тур. Шапшаң, дұрыс жауап беру керек. Әр сұрақ 3 ұпай.
Сұрақтары: 1. Дыбыс толқындарын қабылдағыш қалай аталады? (микрофон)
2. Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерге мәлімет алмасуға қажетті құрылғы? (модем)
3. Мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы.(сканер)
4. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (DELETTE)
5. Ең бірінші ЭВМ қай жылы, кімнің басшылығымен жасалды? (1947 - 48 ж. ж. С: А: Лебедов)
6. Бэббидж мамшинасына алғашқы программа жазған кім?(Ада Лавлейс)
7. Жолдар мен бағандардың қиылысуы. (кесте)
8. Microsoft фирмасының авторы (Билл Гейтс)
9. « Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Ч. Бэббидж)
10. Сыртқы жады (винчестер, дискет, компакт диск)
11. Монитор, жүйелік блок, перне тақта компьютердің... құрылғысы? (негізгі)
12. Пернетақтада неше перне болады? (102 - 104 перне)
2 – тур. «Ақпаратты табу».
Жұмбақтардың шешуін табу. 1ұпай.
Әдетте үнсіз тұрамын Бір нәрсеге жетік
Белгі берсең ұғамын. Миы күшті тетік
Жазуы бар қағаздың Ол арқылы сөйлесіп
Құралы болып шығамын.( принтер) Кетесің шетелге де өтіп (интернет)
Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор)
Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерінде
Компьютерде өшірген (сканер)
Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген. (пернетақта)
3 – тур. « Ақпарат әзілдері».
Келді кезең интернетпен жұмысқа
Әлемдегі жаңалықтар, табыста.
Интернеттің тілін егер білсеңіз
Қиын болмас озуыңыз жарыста – деп информатика туралы әр топ өздерінің үй тапсырмаларын, яғни әзілдерін ұсынады. 5 ұпай.
4 – тур. «Ақпаратты сәйкестендіру».
Информатика пәнінен сұрақтар беріліп соған сәйкестіктерін табу керек. 1ұпай.
1. Адамдарды өзіне бағындырған әлжуаз (Информатика кабинеті).
2. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (Жүйелік блок)
3. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз. (Монитор)
4. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүдде айта алмайтын, иә - ні қолдап қайталайтын (Пернетақта).
5. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ компьютердің кенже баласы. (Тышқан)
6. Тышқанның ең жақынтуысы. (Джостик)
7. Принтерден асып түсетін мешей. (Сканер)
8. Пернетақтаның балалары. (Пенелер)
5 - тур. «Ақпаратты өңдеу». Ақпаратты мақал – мәтелдермен сәйкестендіріп өңдейді. Толық жауапқа
2 ұпай, көмек сұрағанға 1 ұпай.
1. Жігітті компьютерге қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала).
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады).
3. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егің екпес).
4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәләм).
5. Веб – дезайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да).
6. Білмесең «анықтамадан» сұра. (Білмесең білгеннен сұра).
7. Бір ядро процессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы. (Өзіңмен өзің болған жақсы, досыңмен болған одан да жақсы).
8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды. (Досы жақсыны – жау алмайды).
9. Күлсең ескі компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл).
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады).
6 – тур. «Ақпаратты жеткізу»
О, махаббат сегіз әріп, бір арман
Барлық адам сол арманнан жаралған – деп ақын ағамыз М. Мақатаевтың «Поэзиясы» - нан, компьютерге деген өз сезімімізді білдіреміз.
1 – топ.
Компьютер
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім.
Мультимедиядан, физикадан сені іздедім.
Сені іздедім ұстаздардан,
Мектептегі кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
Е - mаіl - дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба.
2 - топ
« Компьютерге ғашықпын»
Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықтым
Күні – түні көз алдымнан кетпес бейне,
Сезімімнің толқындарын тасыттым.
Мен ғашықпын, компьютерге ғашықпын,
Сезімімді білдіре алмай діріл қағып,
Махаббаттың шыңдарынан асыппын.
Қорытынды. «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзді есімізге берік ұстап, сайысымызды аяқтаймыз.
Жеңімпаз топқа, белсен қатысқан оқушыларға «сертификаттар» беріліп, диплом табысталды.
Жоғарыда баяндалған жағдайлардан түйіндегенім:
1. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.
2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл - ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Информатика п?нін о?ытуда ойын технологияларын ?олдану

Автор: Кабекенова Г?лжайнар Утелгеновна

Дата: 06.10.2015

Номер свидетельства: 236616


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства