Сабақ: №2 | Мектеп: 202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп |
Пәні: информатика |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Медеуова Гүлшат |
Сынып: 11 «а» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Ақпаратты іздеу және іріктеу, іздеу әдістері, іріктеу критерийлері |
Сабақ негізделген оқумақсаты | Іздеу әдістері туралы, ақпараттарды сұрыптау өлшемі, ақпараттық жүйелер туралы түсінік қалыптастыру |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Ақпаратты іздеу түсінігі, іздеу түрлері, іздеу жүйелерін тағайындау, іздеу жүйелерінің бөліктері мен қызметтері, робот, индекс, сұраныстарды жүзеге асыру программалары, іздеу әдістері туралы біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
Ақпараттарды іздеп, ақпараттық жүйелерді анықтап, ақпараттық жүйеде іздеу үрдісін жүргізуді, ГАЖ-ды қолдана алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Ақпаратты іздеу және іздеу әдістері, іздеу жүйесі туралы түсінік қалыптастырады. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Іздеу, ақпарат, критерий, іздеу жүйесі, ГАЖ |
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1.Ақпаратты қалай іздейміз? 2.Ақпаратты іздеу үшін қандай амалдарды орындауға болады? 3.Ақпаратты іздеудің түрлерін атаңдар? 4.Метадеректер бойынша іздеуді қалай түсінесіңдер? 5.ГАЖ-ға мысал келтіріңдер |
Талқылауға арналған тармақтар: |
1.Сендер әдетте қандай іздеу жүйесін қолданасыңдар? 2.Іздеу үдерісі барысында әрқашан өздеріңді қызықтыратын ақпаратты алып жүрсіңдер ма? 3.Қалай ойлайсыңдар, іздеу жүйелерінің құрылымы қандай? 4.Дискідегі керекті файлдарыңды қалай іздестіретіндеріңді айтып беріңдер 5.Сұранысты өңдеу программасының сілтемелер тізімін шығаратын принципі бар ма? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Іздеу-поиск, |
Алдыңғы тақырып | Қауіпсіздік ережесі |
Жоспар |
Жоспарлаған уақыт | Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы 5 мин 5 минут Ой қозғау | Шаттық шеңберін құру «Ой қозғау» АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Ұйымдастыру. Суреттер арқылы 2 топқа бірігу. Өткенді қайталау үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы қорытындылаймын Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды? Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады? Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады? Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер? Информатика пәнінің маңыздылығы қаншалықты? Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер? | Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері |
Ортасы 15 минут Практикалық жұмыс 10 минут | Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз « Ақпаратты іздеу және іріктеу, іздеу әдістері, іріктеу критерийлері». Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. 1-топ. Іздеудің түрлері және іздеудің әдістері 2-топ: Географиялық ақпараттық жүйелер және ГАЖ мысалдары 2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады. Оқушылар берілген тақырыпты оқиды.Постер қорғайды Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Оқушыларға оқулықтағы деңгейлік практикалық тапсырманы компьютерде орындауға беремін. Оқулықтағы 21-25 бет | Оқулық, маркерлер, плакаттар, стикерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта Компьютер, оқулық |
Сабақты қорытындылау 5 мин | Сабақты қорытындылау мақсатында тест тапсырмасын дәптерлеріне орындауға беремін Оқулықтағы 26 бет Жауабы: 1-в 2-с 3-а 4-д 5-в «Кілтті сөздер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту | Тест |
Аяқталуы 5 минут | Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау. Үйге тапсырма: §1 – 2 Бағалау. «Нені білемін? Нені білдім? нені білгім келеді?» кері байланыс алу. | Жиынтық бағалау парағы Оқулық, күнделік Үлестірме қағаздар |
Қосымша ақпарат: Информатика 11-сынып Арман-пв баспасы, авторы Е.А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов 2015 жыл |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
| | |
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін. |