«Ретпен орналастыр» ойыны арқылы сабақ тақырыбына шығу. Оқушылар таратылған программалық кодты рет-ретімен орналастыру қажет. Сыныппен талқылау. Әр оқушы 1 мысалдан айтып шығуы керек. Мысалдардың сәйкес келіп келмейтінін оқушылар қз араларында талқылайды. Жаңа тақырыпты кітапқа сүйене отырып ауызша мысал келтіре отырып түсіндіру. Керекті ақпаратты дәптерге көшіру. Жаңа тақырыпты бекіту «S=1+2+3+ … +1000 есепте. Нәтижесін экранға шығар» тапсырмасы негізінде жаңа тақырыпты бекіту. Блок-схема құру Программалық кодты жазу #include usingnamespace std; intmain(){ int i; int sum = 0; for (i = 1; i sum = sum + i; } coutSum = " return 0; } 5. Сигналды карточкалармен жұмыс. Оқушылар өздерінің көңіл-күйлеріне сәйкес келетін түсті жетонды көтереді: «Алақай! Мен бәрін түсіндім, тәжірибелк жұмысқа кірісе беруіме болады – көк түс. «Әлі де түсінбеген жерлерім бар, тәжірибелік жұмыс жасағанда бәрін түсінемін» –сары. «Өз біліміме сенімді емеспін, тапсырманы орындай алмайтын сияқтымын» – қызыл түс. 6. Жұппен жұмыс. Шахмат құрастырушысы туралы аңыз. Ертеде шахмат ойынына таңданған индия ханзадасы Сирам, оның құрастырушысы ғалым Сетаны өзіне шақырып, былай деді: - Осындай ғажап ойын үшін мен сені лайықты марапаттағым келеді. Сенің кез-келген тілегіңді орындауға шамам жетеді. Сета ханзадаға шахмат тақтасының бірінші торына 1 бидай, ал екіншісіне 2 бидай, үшіншісіне 4 бидай және т.с.с. салуын өтінді. Егер әрбір келесі торға алдыңғы тордан екі есе артық бидай салатын болсақ, шахмат тақтасында қанша бидай болады? Математикалық сұлбасы: 1 + 2 + 4 + 8 + 16 + ... = = 1 + 1∙2 +2∙2 +4∙2 +8∙2 + ...= Жағдаяттық сұрақ: Сетаның қалауын ханзада Сирам орындай алды ма? Жұппен есептің шешімін талқылау. 7. Бір-бірін бағалау. Оқушылар өздерінің жұмыс нәтижелеріме алмасады және бірін-бірі бағалауды ісе асырады. 8. Компьютерде өзіндік жұмыс. С++ тілінде есепті шығару. Мұғалім үшін: #include using namespace std; int main() { double s=1; double p=1; for (inti = 1; i p=p*2; s=s+p; } cout return 0; } Бағалау критерийі: Мәліметтер типін дұрыс анықтай алады: double, int Алгоритмнің блок-схемасы дұрыс құрастыра алады С++ тіліндеалгоритмгесәйкеспрограммалықкодтыжазаалады. |