kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассный урок "Информатика бізді? досымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Информатика  – бізді? досымыз» сайыс саба?ы.

Саба?ты?  ма?саты:

Білімділік: Информатика п?ндерінен о?ушыларды? ал?ан білімдерін жина?тау, оларды? компьютермен ж?мыс  істеу шеберліктерін ба?ылап, ба?алау.

Дамытушылы?: О?ушыларды? теориялы?  ал?ан білімді практика?а ?штастыруды дамыту, ойлау, танымды? ?абілетін, логикалы?  сауаттылы?ын дамыта  отырып, оларды?  п?нге  деген ?ызы?ушылы?ын, белсенділігін арттыру.

Т?рбиелік: П?нге, білімге, шы?армашылы??а, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе ж?мыс істеуге, т?ртіптілікке, сабырлылы??а, е?бек с?йгіштікке, ??ыптылы??а  т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Интерактивті та?та, дербес компьютер, де?гейлік тапсырмалар.

Саба?ты? ?дісі: с?ра? – жауап, практикум, к?рсете баяндау.

Жа?а технология ?дісі: топпен ж?не де?гейлеп о?ыту.

Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі емес «Информатика – бізді? досымыз» атты интегративтік сайыс саба?ы.

Саба?ты? типі: ?алыптан тыс.

  Саба?ты?  барысы.

1.?йымдастыру  кезе?і.

І Б?лім. Кіріспе ( м??алімні?  с?зі).

    ІІ Б?лім. Негізгі ( о?ушылар  сайысы).

    ІІІ Б?лім. ?орытынды ( марапаттау).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассный урок "Информатика бізді? досымыз" »

«Информатика – біздің досымыз» сайыс сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Информатика пәндерінен оқушылардың алған білімдерін жинақтау, олардың компьютермен жұмыс істеу шеберліктерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық алған білімді практикаға ұштастыруды дамыту, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау.

Жаңа технология әдісі: топпен және деңгейлеп оқыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес «Информатика – біздің досымыз» атты интегративтік сайыс сабағы.

Сабақтың типі: Қалыптан тыс.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

І Бөлім. Кіріспе ( мұғалімнің сөзі).

ІІ Бөлім. Негізгі ( оқушылар сайысы).

ІІІ Бөлім. Қорытынды ( марапаттау).

І Бөлім. Кіріспе.



Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қонақтар!

Бүгін біз заманымыздың талабына сай «Информатика – біздің досымыз» атты сыныптан тыс сабағымызды өткіземіз. Сабағымыз сайыс түрінде өткізіледі. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады, яғни

1. Өзім туралы

  1. Кім епті

  2. Сиқырлы пернелер

4. Ақпарат

  1. Сәйкесін тап

  2. Криптограмма

  3. Кім шебер

  4. Тапқырлық

Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысады: «Ойшылдар» және «Тапқырлар».

Сайыстың шарты: Ортаға екі топ басшыларын шақырып асық ойнатылады. Кімнің асығы алшы түссе сол топ ойынды бірінші бастайды. 2 топ өздерін таныстырып болғаннан кейін, әділқазылар бірден екі топқа бағасын қойып, бағалау парағы эл.түрде көрсетіледі. Содан кейін кестедегі ұяшық сандарда жасырылған сұрақтарға жауап беріп, ойын келесі кезеңдерімен жалғастырылады. Егер сұраққа жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап береді де, өздерінің қоржынына ұпай алады. Сұрақтан қай топтың ұпайы жоғары болса, сол топ ойынды бірінші таңдайды.

Ал, енді сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыздың І- ші кезеңі Өзім туралы (таныстыру)

Сайысымыздың 2- ші кезеңі. «Кім епті?»



MS Word-тан сұрақтар

1. MS Word редакторында саймандар панелінің стандарт тобы көрінбей тұрса, оны қай команда арқылы бейнелейміз? (Вид-Панели инструментов – Стандартная)

  1. Тізім форматын қалай өзгертуге болады? (Формат-Список-Изменить-Нумерация-ОК)

  2. MS Word редакторында қалып-күй қатары терезенің қай маңында орналасқан? (терезенің төменгі жағында яғни, есептер тақтасының үстінде

  3. Орфографияны тексеру үшін қандай командаларды орындау керек? (Сервис-Правописание)

MS.Exsel-ден сұрақтар

  1. Excel бағдарламасында ұяшықтағы мәліметтерді қалай жоюға болады? (қате терілген символдар Backspace немесе Delete пернелерімен өшіріледі. Егер бүкіл ұяшықтырдың мазмұнын өшіру қажет болса, онда осы ұяшықтарды белгілеп алып, Delete пернесін басамыз).

  2. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы қалай белгіленеді? ( жолдар нөмірленеді)

  3. Электрондық кесте ... болып табылады? (Эл.кесте дегеніміз – дерек (мәтін, сан, формула) жазылған ұяшықтардан тұратын кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

  4. Excel кестесіндегі бағандар саны қанша болады? (256 баған)


Power Point-тан сұрақтар

    1. Power Point не үшін қажет? (Microsoft Power Point программасы- Microsoft Office -тiң құрамындағы, презентациялық материалдарды дайындау үшін қажет. Мысалы, баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты, жарнама және мультимедиялық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандыруға болады. Презентация-анимациялық және дыбыстық эффектiлерi бар слайдтар жиыны.

    2. Power Point бағдарламасы көрмесіне суретті кірістіру әмірі?

Жауабы: (Вставка – Рисунок – картинки)

    1. Power Point бағдарламасының көрмесін қамтитын файлдың кеңейтімін көрсету? Жауабы: (*.ppt немесе *.pps)

    2. Power Point бағдарламасында слайдтарды көрсетуді қай батырма орындайды? (F5)

Сайысымыздың 3- ші кезеңі «Cиқырлы пернелер»

Әр топ кезекпен пернелердің қандай қызмет атқаратынын айтып шығады да, дұрыс жауабын өшіргіш құралы арқылы өшіріп білуге болады.

Сайысымыздың 4- ші кезеңі. «Ақпарат»

Бұл кезеңде әр топ өзінің берілген тапсырмасындағы әріптердің орнын ауыстырып информатикаға байланысты сөз тауып, оны параққа түсіріп әділқазылардың алдына немесе дауыстап айту керек.

Ескерту: Егер де әр топ тәртіп сақтамай бір-бірінің жауабын күтпей жариялап қойса, сол топтан ұпай шегеріледі

Сайысымыздың 5- ші кезеңі. «Сәйкесін тап»

Бұл кезең информатикаға байланысты мақал-мәтелдер берілген, ары қарай қазақтың мақал-мәтеліне жалғастырып сәйкесін табу керек.

Сайысымыздың 6- ші кезеңі «Криптограмма»

Интерактивті тақтадағы әріптерді реттік нөмері бойынша әр топ қағаз бетіне дұрыс түсірсе, информатикаға байланысты ақпаратты оқуға болады. Екі топтың қайсысы жылдам, бір сөз қалдырмай дұрыс тапса, сол топқа ұпай қосылады.

Жауабы: (Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)

Сайысымыздың 7- ші кезеңі «Кім шебер»

Бұл кезеңде екі топтан екі оқушы шығып, компьютерде наурызға байланысты слайд құрады. Слайдтарына баға қойылады. Ол екі оқушы жұмысын аяқтағанша екі топ кезегінше өз өнерлерін ортаға салса болады.

Сайысымыздың 8- ші кезеңі. «Тапқырлық»

Интерактивті тақтада «Теміржолшылар құрамы туралы» логикалық есеп екі топқа да ортақ беріледі. Әр топтың жауабын тыңдап, соңында дұрыс жауабын көрсетіп, қай топтың шешімі дұрыс сол топқа ұпай қосылады.

Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген топтар анықталып, марапатталады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Внеклассный урок "Информатика бізді? досымыз"

Автор: Шардарбекова Меруерт Бакирамовна

Дата: 10.06.2014

Номер свидетельства: 100848


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства