kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Математика, информатика білім кемесінде» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сынып оқушыларына арналған информатика және математика пәндері бойынша сайыс 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Математика, информатика білім кемесінде» сайысы»

«Математика, информатика білім кемесінде» сайысы


Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс істеуге үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру. Бәсекелестікке қабілетті шәкірт тәрбиелеу.

Сайыс 9- сынып оқушыларының арасында өтеді. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысып, алгоритм, арифметика, логика, интернет топтары құрылады.

Әр топ «математика, информатика білім кемесінде» сайыс бөлімдерінен өтуі керек. Ол үшін әр бөлімдерге тоқтап, ондағы тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтуі керек.


Сайысымыз келесі бөлімдерден тұрады:


І. «Ол кім? Бұл не?» бөлімі

ІІ. «Кім жылдам?» бөлімі

ІІІ. «Судоку» бөлімі

IV. «Озық ой» бөлімі

V. «Анаграмма» бөлімі

VI. «Қисынды ойлай білейік» бөлімі

VIІ. «Циферблат-кілт» бөлімі


І. «Ол кім? Бұл не?» бөлімі

Мұнда математика мен информатикадан белгілі ғалымдар мен терминдер, құралдар сұрақтар арқылы жасырылған. Берілген сұрақтарға әр топ бірінші болып жылдам жауап беруге тырысу керек. Қай топ бірінші болып дұрыс жауап берсе қанжығасына 1 ұпайдан алып, алға жылжып отырады.

  1. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаус)

  2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды. (Чарлз Бэббидж)

  3. Қай ғалым өзінің алгебрада жазған трактатында үшінші дәрежелі теңдеулерді циркуль және сызғыштың көмегімен шешуге болмайды деген ойды айтқан? (Омар Хайям)

  4. Паскаль программалау тілінің «атасы» деп кімді айтады?(Никлаус Вирт)

  5. Республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі (1968). Бұл мектеп қазір сол адамның есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. (Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков)

  6. Қазіргі таңда бұл адам атақты «Microsoft» компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған.(Билл Гейтс)

  7. Алғашқы әйел математик кім?( Софья Ковалевская)

  8. Қай ғалымның латын грамматикасы бойынша өзгерген есімі математика ғылымына «алгоритм» терминін енгізді? (Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми)

  9. Екінші мүшесінен әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегі. (Арифметикалық прогрессия)

  10. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (Модем)

  11. «Пропорция» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?(Музыка)

  12. Англиядағы бір қаланың, калибрі 30х30 болып келген мылтықтың және компьютердің бір элементі арасындағы байланысты анықтай алатын құрылғы. (Винчестер)

  13. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі. (Планиметрия)

  14. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы. (Компьютер)

  15. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін бұл құрылғы кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады.(Сканер)


ІІ. Келесі бөлім «Кім жылдам» бөлімі

Бұл бөлімде прогрессияға есептер беріледі. Бірінші болып жылдам, әрі дұрыс жауабын тапқан топқа 3 ұпай беріледі.

  1. Табу керек арифметикалық прогрессия. Жауабы: 5; 7; 9; 11.

  2. геометриялық прогрессия. Табу керек: -? Жауабы: 6; 12; 24; 48.

  3. n-ші мүшені табу арифметикалық прогрессия. Табу керек Жауабы. .

  4. n-ші мүшені табу геометриялық прогрессия.
    Табу керек Жауабы: .

  5. Геометриялық прогрессия 5; Табу керек Жауабы:


ІІІ. «Судоку» бөлімі

Ашық тұрған торкөздерді бірлік сандармен толтырыңыз. Судокудың кез келген қатарында, кез келген бағанында, кез келген 3*3 торкөз блогында бірдей цифр болмауы керек. Бірінші болып дұрыс толтырған топқа 5 ұпайдан бастап беріледі.




IV. «Озық ой» бөлімі

Бұл бөлімде оқушылар логикалық есептер шығарады. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.

  1. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз. Шешімі: (Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туған.

  2. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді? Шешімі: Қырсық жолаушы 9 күнде өтеді, 8 шақырымды сегіз күнде, қалған 2 шақырымды 9-шы күні жүреді.

  3. Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат, Жанат. Қыздардың біреуі бала-бақшаға барады. Жәнібектен үлкен, Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұл ма? Жауабы: (5+13)=18:3 Райхан Жәнібек. Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте, ол-Жанат, демек ол балабақшаға барады. Жанат-қыз.

  4. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия

  5. Қыңырдың жасы. Есепке құмар бір кісі қыңырдан: Жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол: - Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде? Шешімі: Қыңырдың жасы 18 де.

  6. Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? Жауабы: Атасы 66 жаста.

  7. Қайырымдылық жасаушылардың екіншісі біріншісіне қарағанда екі есе көп береді (кез келген бірдей зат не ақша), ал үшіншісі екіншіден үш есе көп, төртіншісі үшіншісінен төрт есе көп береді. Барлығы жинағанда 132 болды. Әрқайсысы қаншадаг берген? Жауабы: Бірінші адамның берген затының саны белгісіз. Белгіізді 1 деп алайық. Онда 2-адам 2, 3-сі 6, 4-сі 24 заттан берген, қосынды 33. Барлық затсанын қосындыға бөлеміз. 132:33=4. 1, 2, 3 және 4 қайырымдылық жасаушылардың берген заттарының саны сәйкесінше: 4, 8, 24, 96.


V. «Анаграмма» бөлімі

Әріптердің орындарына қойып берілген сөздерді және артық сөзді табу керек.

1. терчесвин, такедис, акткомксиди, сорецпро.

2. арлуфом, ригафу, сяпесрогри, могиретея.

3. рептьюкром, тамикатема, азакиф, фританакоми.

4. марамгроп , инрпрет, дакротре, енюм.

5. ермитерп, уанад, леөмк, ршебең.


Жауаптары:

1. винчестер, дискета, компакт – диск, процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)

2. формула, фигура, прогрессия, геометрия («геометрия» артық. Ол пәнге жатады.)

3. компьютер, математика, физика, информатика («компьютер» артық. Ол пәнге жатпайды.)

4. программа, принтер, редактор, меню («принтер» артық. Ол құрылғы.)

5. периметр, аудан, көлем, шеңбер («шеңбер» артық. Ол фигура.)

VI. «Қисынды ойлай білейік» бөлімі

Қанша үшбұрыш бейнеленген?

Жауабы: 15


VIІ. «Циферблат - кілт» бөлімі


ЦИФЕРБЛАТ-КІЛТ

Нақыл сөзді оқы

12,6,3,1,12,6,3,10,9,6

4,2,11,2,12

5,6,3,8,6,7,2


Жауабы: Математика – ғылым патшасы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Математика, информатика білім кемесінде» сайысы

Автор: Дүйсек Ақбота Тлеубердіқызы

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371572

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) ""Математика, информатика ?ылым кемесінде" сыныптан тыс шара "
    ["seo_title"] => string(62) "matiematika-informatika-g-ylym-kiemiesindie-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "195645"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427951615"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Физика және Біз" интеллектуалды танымдық сайысы"
    ["seo_title"] => string(47) "fizika_zh_ne_biz_intellektualdy_tanymdyk_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "645480"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1707671811"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства