|
Сабақтың тақырыбы: | Арифметикалық және геометриялық прогрессия |
Мақсаты: | 1. Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы білім, білік, дағдыларын сыни ойлау арқылы тереңдету, формулаларды есептеуде қолдана алу; 2. бір-бірімен пікір алмасу арқылы ой-өрісін жетілдіріп, зейінін дамыту, белсенділігін таныту; 3. топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өзіндік ойларын жеткізуге үйрету, өмірде өз орнын табуға септігін тигізу. |
Сабақтың түрі: | Қорытындылау сабағы |
Әдіс – тәсілдер: | Тәсілі: топтық, жұптық, жеке | Әдісі: диалог, сұрақ-жауап |
Ресурстар: | Оқулық, инт.тақта, тапсырма парақтары, «Ромб», ватман |
Оқу нәтижесі: | Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. Өз ойларын жеткізе біледі. |
Негізгі идеялар: | Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды |
Тапсырма көздері: | 1. топтық тапсырмалар 2. жұптық тапсырмалар 3. жеке жұмыстар |
Қолданылатын модульдер: | Қалай оқу керектігін үйрету, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ-ны қолдану, ОүБ және оқуды бағалау |
Мотивациялық кезең: | Оқушылардың қабілеттеріне қарай есептер беру |
Сабақтың барысы: | уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Қосымша -1 | 4мин | Сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын атаймын. Мақсатымен таныстырамын. | Сұраққа жауап беріп, тақырыпты атайды. |
Алдарына қойған мақсатын сұраймын. Бағалау критерийлерімен, парақшаларымен таныстырамын. | Критерийлерді оқиды, ұстанады. Бағалау парақшаларын алады. |
2мин | Топшаларға бөлу Оқушыларға әр түрлі түсті қағаздарда сандар таратылады. Сандар арқылы тізбек құрулары керек. Тапсырма: 2; 4; 6; 8.. 3; 9; 27; 81 9,2; 7,2; 5,2; 3,2 64; 16; 4; 1 | Фигуралардың түстері бойынша және құралған тізбек бойынша орындарына отарады. |
Ой қозғау Қосымша-2 | 4мин | Жұптық жұмыс Әр жұпқа постерде тапсырма беремін: арифметикалық прогрессия және геометриялық прогрессия. | Тізбек арқылы жұптар құрып, постердегі тапсырманы орындайды. |
Дамыту Қосымша -3 | 7мин | Топтық жұмыс Формулаларды еске түсіру үшін «Ромб» тапсырмасын ұйымдастырамын. Оқушылар өздері құрған тізбек бойынша тапсырма орындайды: Тізбек прогрессия құрай ма? Прогрессия болса, қай? Бірінші мүшесін тап. Айырымын (еселігін) тап Жетінші мүшесін тап. Он мүшесінің қосындысын тап. 18 саны прогрессия мүшесі бола ма? Жалпы мүшесінің формуласын жаз. | Оқушылар стикерлерге жауаптарын жазып, «Ромбқа» жапсырады. |
3мин | Әр топтан баяндамашы шығып, постерді қорғайды. | Әр топтан баяндамашы шығып, жазғаны бойынша таныстырады. |
Есептер шығару Қосымша-4 | 12мин | Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар таратамын. Орындап болған оқушы тақтаға шығып, орындаған есептерді көрсетеді. | Әр оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды. |
Тест тапсырмасы Қосымша-5 | 8мин | Жеке тапсырма тест жұмысын ұйымдастырамын. | Тест өздігінен орындайды. |
Рефлексия: Қосымша-6 | 2 мин | Бағалау парақшаларын толтырады. -Қай тапсырма саған қиын болды? -Өзің орындадың ба, әлде көмекке жүгіндің бе? | Оқушылар өткен тақырып бойынша өз ойларын стикерлерге жазады. «Сұрағы бар қорапшаға» салады. Қосымша-5 орындайды. |
Үйге тапсырма Қосымша-7 | | Формулаларды жаттау, тапсырма парағы | |
Бағалау: | 3мин | Критерийлер бойынша жинаған ұпай арқылы бағалаймын. | Критерийге сәйкес бағаланады. |