kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сойылатын малдарды өңдейтін кәсіпорындар,ет комбинаттарын анықтаушы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімгерлерге өнімнің сапасын қалай сынап,бақылауын көрсету,мақсаттары мен міндеттерін оқып үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сойылатын малдарды өңдейтін кәсіпорындар,ет комбинаттарын анықтаушы.»

Дәріс сабағы №3

Сабақтың тақырыбы:Сойылатын малдарды өңдейтін кәсіпорындар,ет комбинаттарын анықтаушы.

Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге өнімнің сапасын қалай сынап,бақылауын көрсету,мақсаттары мен міндеттерін оқып үйрету.

Дәріс жоспары:

1.Сойылатын малдарды өңдейтін кәсіпорындар,ет комбинаттары,анықтауыштар.

2. Ет өңдеу объектілерінің барлық үй-жайларының едендері тегіс, жылтыр
болады, су өткізбейтін материалдан жасалады.


Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты
дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді
және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектiлеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптар
• Етті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар

• 1) етті және ет өнімдерін, жануарлардан алынатын шикізатты өңдеу үшін жеткізетін
автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған тұрақты дезинфекциялық жуу
пунктімен немесе алаңқаймен немесе дезинфекциялаушы тосқауылмен;
• 2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылау және
ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін жабдықталған ветеринар мамандарға
арналған үй-жайлармен;
• 3) етті және сойылғаннан кейінгі өнімдерді олар өңделгенге дейін уақытша сақтауға
арналған оқшауланған тоңазытқыш камерамен;
• 4) сарқынды суды зарарсыздандыратын құрылыспен жабдықталады.
• 5) азық-түлік шикізатының (тоң май шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер)
берілуін бір-бірінен бөлектеу, оларды санитариялық өңдеудің оңай болуы;
• 6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы
(таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;
• 7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде
жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе
ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;
• 8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе ол анықталған
жағдайда «Тоқта» деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринар дәрігердің жұмыс
орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда);
• 9) ұшалар, субөнімдер және сойылғаннан кейінгі басқа өнімдер санитариялық өңделгеннен,
ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана
оларды тоңазытқышқа жіберу;
• 10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жеткізу, ал ішекті сұрыптау (есу) үшін
сығылған ауа беру.

• 38. Етті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілерінде (бұдан әрі -- ет өңдеуші объектілер), өндірістік үй-жайларда технологиялық
жабдықтарды орналастырған кезде айқаспалы біріктірулерге жол берілмейді.
• 39. Ет өңдеуші объектілер жұмысқа жарамды күйдегі ветеринариялық-санитариялық
мақсаттағы объектілерімен:
• 40. Жуу бөлімінде су өтпейтін еден, мүкәммалды, көлік құралдарын жууға және
дезинфекциялау үшін жедел бу, ыстық және суық су, сарқынды суды кәрізге ағызуға
арналған жол болады.
• 41. Өндірістік цехтардағы (үй-жайлардағы) және санитариялық блоктағы
қабырғалар мен бағаналардың панельдері кемінде 2 метр биіктікте қапталады.
• 42. Төбелердің және ілінетін арматуралардың бетінде кірдің жиналып
қалуына, бөгде бөлшектердің үгіліп түсуіне, тамақ өнімдерінде
конденсаттардың түзілуіне немесе олардың көгеруіне жол берілмейді.
• 43. Ет өңдеу объектілерінің барлық үй-жайларының едендері тегіс, жылтыр
болады, су өткізбейтін материалдан жасалады.
• 44. Жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек үй-жайда сақталады.
• 45. Қойма үй-жайлары таза ұсталады және үнемі дезинсекцияланады және
дератизацияланады.
• 46. Ет өңдеу объектісіндегі технологиялық процесс мыналарды қамтамасыз
етеді:
• 1) шикі және дайын өнімдер ағынының қиылысуы мен араласуын болғызбау;
• 2) өңдеу үшін түсетін шикізат пен қосалқы материалдардың ветеринария және
денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;
• 3) ілініп тұрған ет ұшаларын еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға тигізбеу;
• 4) қан ағызу, ұшаларды тазарту және жуу учаскелерінде бөлігінде сұйықтықтардың арнайы
көлбеу астаушалар арқылы траптарға ағуы;
• 5) азық-түлік шикізатының (тоң май шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер)
берілуін бір-бірінен бөлектеу, оларды санитариялық өңдеудің оңай болуы;
• 6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы
(таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;
• 7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде
жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе
ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;
• 8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе ол анықталған
жағдайда «Тоқта» деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринар дәрігердің жұмыс
орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда);
• 9) ұшалар, субөнімдер және сойылғаннан кейінгі басқа өнімдер санитариялық өңделгеннен,
ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана
оларды тоңазытқышқа жіберу;
• 10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жеткізу, ал ішекті сұрыптау (есу) үшін
сығылған ауа беру.
• 47. Ет өңдеу объектісі ауа температурасын өнім түріне қарай 0 0С-дан 300С-ға
дейін және ылғалдығын 60%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігімен қамтамасыз
ететін тоңазытқыш камераларымен және мұздатқыштармен жабдықталады.
• 48. Шикізат пен өнімдерді сақтауға арналған штабельдер қабырғалар мен
тоңазыту аспаптарынан кемінде 30 сантиметр қашықтықта орналасады.
• Штабельдердің арасынан жүретін жолдар қалдырылады.
• 49. Суытылған және тоңазытылған ілінген күйінде сақталады.
• Шартты түрде жарамды деп танылған ет осы мақсат үшін арнайы
пайдаланылатын оқшаулағыш-тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыштың бөлек
камераларында сақталады.
• 50. Ет өңдеу объектісі өндірістік цехтардағы сарқынды су: тоң май араласқан,
тоң ма й араласпаған, шаруашылық-тұрмыстық және ластанбаған өндірістік су
үшін ішкі кәріздің бөлек желілерімен жабдықталады.
• 51. Кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына ағызылғанға дейін
сарқынды су механикалық тазартудан өтеді.
• Тоң май араласқан су маң тұтқыштардан өткізіледі.
• 52. Сарқынды суды қабылдауға арналған шұңқыр бетондалуға, өндірістік
ғимараттан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуға, қақпақпен
жабдықталуға және 2/3 көлемі толған кезде тазартылуға тиіс.
• 53. Тазарту мен дезинфекциялау ыңғайлы болуы үшін ет пен ет
өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары және/немесе
контейнерлер тегіс болуға және өнімдердің орнанолептикалық
қасиеттері мен адамдардың денсаулығына ықпал етпейтін
материалдардан жасалуға тиіс.
• Көлік құралы өнімді жәндіктер мен шаңнан тиімді қорғау, сондай-ақ
сұйықтықты құрғату құралдарымен жабдықталады.
• Көлік құралы жаңа сойылған етті ілуге арналған тоттанбайтын
ілгектермен жарақталады, олар ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшалардың
төрттен бірін тасымалдаған кезде еттің еденге тиюін болғызбайтындай
биіктікке орнатылады.
• Көлік құралдарында немесе контейнерлерде тірі жануарлар немесе кез
келген басқа жүк тасымалданғаннан кейін оларды ет және ет өнімдерін
тасымалдау үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
• Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына қойылатын талаптар
• 115. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама
жасау үшін ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары
(бұдан әрі -- зертхана) ұйымдастырылуға тиіс.
• Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган айқындайды.
• 116. Зертханаларда объектінің қуатына қарай мынадай үй-жайлар жиыны болуға тиіс:
• 1) ет және ет өнімдерін, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің (бөлек жұмыс үстелдері бар) сараптау
үшін;
• 2) балық және балық өнімдерін сараптау үшін;
• 3) сүт және сүт өнімдерін, балды, өсімдік шикізатын (бөлек жұмыс үстелдері бар) сараптау үшін;
• 4) мүкәммалды жуу үшін;
• 5) конфискатты сақтау үшін тоңазытқыш жабдықтары бар, ет және ет өнімдерін залалсыздандыру
үшін;
• 6) дезинфекциялау және жуу құралдарын, мүкәммалды сақтау үшін;
• 7) персоналға арналған санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар.
• Объектілерде ет ұшаларын, ет өнімдерін және басқа өнімдерді уақытша сақтау үшін оқшауланған
тоңазытқыш камерасы мен ет, ет өнімдерін және конфискаттарды зарарсыздандыру үшін автоклав
орналастырылуға тиіс. Автоклав болмаған жағдайда зарарсыздандыруды ашық қазандықта
жүргізуге рұқсат етіледі.
• 117. Сойылған жануарлардың ұшаларын, ет өнімдерін, балықты, құсты сараптауға
арналған жұмыс үстелдері мәрмәр түйіршіктерімен, кафельмен немесе мырышталған
темірмен қапталуға тиіс. Ет және ет өнімдеріне сараптама жүргізу үшін зертханалар
ет ұшаларын, ішкі мүшелерді, басты ілуге арналған арнайы жеке құрылғылармен
(қондырғылармен) (ілгіш, ілгек және басқалары) немесе үстелдермен қамтамасыз
етіледі.
• Сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізілетін үстелдер мырышталған темірмен немесе
азықтық пластиктермен қапталуға тиіс.
• Зертхана үй-жайлары жылумен, жарықпен, желдетумен, су құбырымен, ыстық және
суық сумен, кәрізбен жабдықталады.
• 118. Ішкі сауда объектілерінде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сату
қуатына қарай сүт шикізатын сараптауға арналған қарау залын зертханамен, етті
зарарсыздандыруға арналған үй-жайды ет шикізатын сараптауға арналған қарау
бөлмелерімен біріктіруге болады.
• 119. Зертхана үй-жайлары, өндірістік жабдықтар және мүкәммал таза ұсталуға тиіс.
Ылғалды әдіспен тазалау және дезинфекциялау күнделікті жүргізілуге тиіс.
• Айына бір рет тазалық күні өткізіліп, барлық үй-жайлар күрделі жиналып,
дезинфекцияланады және қажет болған жағдайда дератизация және дезинсекция
жүргізілед• 120. Зертхана штаты жүргізілетін жұмыстың көлеміне және оған жұмсалған
уақытқа (жедел және қосалқы), бір жұмыс күнінде атқарылған жүргізілетін
санына байланысты қалыптастырылады.
• 121. Зертханалар ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін
қажетті арнайы зертханалық жабдықтардың түрлерімен, аспаптармен,
құралдармен, химиялық реактивтермен, жуу және дезинфекциялау
құралдарымен, ветеринариялық таңбалармен және мөртабандармен,
зертханалық ыдыстармен, арнайы киіммен, зертханалық жиһазбен,
мүкәммалмен және басқа да қосалқы материалдармен қамтамасыз етіледі.
• Пайдаланылатын химиялық реактивтер дайындалған уақыты мен жарамдылық
мерзімі көрсетіліп таңбалануға тиіс.
• 122. Зертханалар ветеринариялық есеп (келіп түскен өнімдердің, сараптама
нәтижелерінің, конфискаттардың, реактивтердәің және басқаларының есебі)
пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен береді. Зертханалардың есепке алу журналдары
нөмірленген, тігілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторының мөрімен расталған болуы қажет.
























Негізгі әдебиеттер:


1. Тілеуғали Т., Қырықбайұлы С., Малдәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері, Алматы: 1998

2. Горегляд Х.С., Макаров В.А., Чеботарев И.Г., Шаблой В.Я., Кожемякин Н.Г., Коряжиев В.П. Малдәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылық өнімдерінің технологиялық негіздері.

3. Макаров В.А., Боровков М.Р., Малдәрігерлік санитарлық сараптау практикумы.

4. Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы. Астана 2005ж

5. Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Т.Тілеуғали, С.Қырықбаев. Алматы: Бастау, 1998ж





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сойылатын малдарды өңдейтін кәсіпорындар,ет комбинаттарын анықтаушы.

Автор: Әлайдар Ақмарал Бахытбекқызы

Дата: 05.06.2019

Номер свидетельства: 513417


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства